RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан гүл импортын қысқартты

08.03.2026, 10:29 34

Халықарылық әйелдер күні мерекесінде гүл саудасы қыза түседі.

Бірақ биыл нарықта өзгеріс бар. Қазақстан шетелден гүл алдыртуды азайтып, импорт 11 пайызға қысқарған. Есесіне отандық өндіріс артты.

Қазақстанға гүл қай елден келеді?

2025 жылы Қазақстанға шетелден 168 млн тал гүл әкелінген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 17 пайызға аз.  Бұл туралы ранкинг.кз сайтында жарияланды.  Импорттың төмендеуіне отандық өндірістің артуы басты себеп болып отыр. Былтыр елімізде 42 миллионнан астам гүл бапталып, 5 пайызға артты. Шетелдік жеткізушілердің тізімінде Эквадор әлі де көш бастап тұр, ал екінші орынға Қытай жайғасты. Қытайдан бір жылда 2,7 мың тонна гүл жеткізілген.

Наурызбай Құрманғазы, кәсіпкер:

- Қытай елінде де гүлдер сұранысқа ие. Себебі қазіргі таңда Эквадордың бағасы тым жоғары. Әрине ол сапаға да байланысты, қазіргі болып жатқан НДС-ке де байланысты. Көбінесе осы қыз мезгілінде кешігіп жатады. 1-2 күн. Хризантема, розалар,қазіргі таңда мерекеге байланысты қызғалдақтар. өте сұранысқа ие. әркімнің талғамына байланысты. Былтыр біз  бірінші жылымыз болғаннан кейін 2 мың штуктай тюльпан саттық. Жетпегенде қосып алып сатқанымыз бар. Биыл 5 мың тюльпанға есептеп отырмыз.

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

- Елде раушанға сұраныс жоғары. Жыл бойы гүл дүкендерінде дәл осы сорттың саудасы қызады. Былтыр қазақстандықтар 140 млн данағ сатып алған. Алайда сұлулықтың символы саналатын раушан гүлінің сұранысы азаятын жалғыз ай бар. Ол наурыз. Көктем мерекелерін отандастарымыз қызғалдақпен қарсы алғанды ұнатады.

Мамандардың айтуынша, наурызда қызғалдаққа сұраныс екі есеге артады. Кейде небәрі екі күннің ішінде 800 мың тал гүл сатылып кетеді. Гүлдердің көтерме саудасы желісінің басшысы Айнұр Боранбай мереке сайын Қытайдан 9 жүк көлігімен гүл тасымалдайды.

Айнұр Боранбай, гүлдердің көтерме саудасы желісінің басшысы:

- Біз гүлдердің көтерме саудасымен бірнеше жылдан бері айналысып келеміз. Соңғы уақытта сұраныстың екі есеге артқанын байқап отырмын. Бұл онлайн жеткізудің дамуына байланысты. Жалпы қазір сыйлық беру мәдениеті қалыптасып келеді. Біз Қытайдан раушан гүлдерін әкелеміз. Өйткені қазір Қытай Голландиямен қатар гүл жеткізетін ірі елдердің бірі. Сапасы да жақсарып келеді. Тағы бір артықшылығы - бағасы арзандау. 8 наурыз мерекесіне алдын ала тапсырыс бойынша тоғыз фура гүл әкелдік. Бір фурада шамамен 116 000 тал гүл болады.

Жалпы елімізде өсірілетін гүлдің 90 пайызы отандық жылыжайларға тиесілі. Бұл ретте Алматы облысы көш бастап тұр. Мұнда жылына 32 миллион тал гүл жиналады. Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында өндіріс көлемі күрт қысқарған. Яғни өндіріс көлемі 16 еседен 31%-ға дейін төмендеген. Ал оңтүстік өңірлерде сала белсенді дамуда. 

Наргиз Бекмағанбетова, Ғалымжан Абдылахат, Нұрғали Мамырбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz