RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында құқық қорғау саласында жүздеген әйел қызмет етіп жүр

08.03.2026, 13:29 123

Олар тергеу, криминалистика, әкімшілік полиция және көші-қон бөлімдерінде жұмыс істейді. 

Ақбота Махамбетова – 16 жылын криминалистикаға арнаған тәжірибелі маман. Осы аралықта ол 1000-ға жуық қылмыстық істі зерттеген. Оның ішінде мал ұрлығынан бастап, тапсырыспен адам өлтіру сынды шулы істер бар. Білікті полицей портреттік, доктилоскопиялық, трассологиялық, суық қару және одорологиялық зерттеулерді терең меңгерген. Күдіктінің кінәлі не қылмысқа қатысы жоқтығы криминалистің жұмысына тікелей байланысты, дейді ол.

Ақбота Махамбетова, облыстық ПД Жедел криминалистика басқармасының аға криминалисі:

- Ашылмаған қылмыстар орын алған кезде үйге де бармай жұмыста қалып сол қылмысты толғымен зерттеп бітпегенінше үйге қайтпайтын уақытымыз да болады. Кішкентай бала шаға болған кезде үйдегілер сағынады бірнеше күндеп те көрмейтін күндер болады. Алайда балаларым мына қылмысты менің мамам ашқан деген кезде қылмыскерді ұстады дегеннің өзі жұмысқа деген одан сайын құштарлықты аша береді.

Погон таққан полицейлер қатарында Эльмира Байниязова да бар. Ол жастайынан тәртіп сақшысы болуды армандағанымен, алдымен 10 педагог болып еңбек еткен. Содан кейін ғана бала кездегі арманын жүзеге асыру үшін заңгер мамандығын оқыпты.  Сөйтіп, 33 жасында кәсіби жолын өзгертті. Құқық қорғау саласында жұмыс істегеніне көп болмаса да, былтыр республикалық «Ең үздік полиция инспекторы» атанды.

Эльмира Байниязова, №2 полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының аға учаскелік инспекторы:

- Мамандығымды жүрекпен таңдаған дұрыс деп ойлаймын. Және бақыттымын. Себебі осы мамандықты өзім кішкене күнімнен арман етіп, осы салада бар өмірімді арнап келе жатырмын. Өкінбеймін. Кересінше кәмелетке толмағандарға заң тарапынан психологиялық тұрғыда қолдау көрсете отырып өз үлесімді қосқанып үшін қуаныштымын.

Қазір Жамбыл облыстық полиция департаментіндегі қызметкерлердің шамамен 9 проценті әйелдер. Олардың 19-ы басшылық лауазымда абыройлы қызмет атқарып жүр.

Ғалымжан Оразбеков, облыстық полиция департаментінің басқарма бастығы:

-Әйел қызметкерлер барлық қызмет бөліністерінде қызмет жасайды. Оның ішінде арнайы мақсаттағы жасақтарда қызмет жасайтын қызметкерлер бар. Тергеу,  сыртқы қызметтерде әйелдер жұмыс атқарады. Осы орайда барлық әйел әріптестерімізді 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсалық, отбасыларыңызға амандық қызметтеріңізге абырой табыс тілеймін.

Бүгінде Ішкі істер органдарында 16 мыңнан астам әйел қызмет етеді. Олар тек әкімшілік жұмысқа ғана емес, ер азаматтармен бірге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмыстарды ашуға және тергеуге қатысады. Бұл нәзік жандылардың тек отбасының тірегі емес, сонымен бірге жауапты қызметте де абыройлы екенін көрсетеді.

Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділдә

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz