Конституцияның жаңа жобасы ел арасында кеңінен талқыланып, халықтың бірлігін көрсетті.
«Ата заңның жаңа жобасы мемлекет пен қоғамның тұтастығын айқындап қана қоймай, уақыт сұранысына сай, заманауи үдерістер мен цифрлық технологияны қолдану аясын кеңейтеді», - дейді Конституция жобасына қатысты пікір білдірген тұрғындар. Олардың пікірінше, жаңа Ата заңның Преамбуласында ұлттық болмыс, мәдениет пен тарих, сандық жүйе мен құқықтық ұстанымдар айқын көрсетілген. Сондықтан көпшілік жаңа Конституция жобасын – әділетті қоғам қалыптастырудың басты кепілі деп санайды.
Сауалнама:
- «Ақпараттық технология қарқынды дамыған сайын әлемде адамзат алаяқтарға құрбан болып жатыр. Сол себепті азаматтардың құжаттарының қолдан-қолға өтіп кетуі, қауіпсіздігі сақталмай отыр. Сол себепті Конституцияға өзгеріске енгізу мәселесі өте орынды. Әсіресе банк жүйесінде қаржылық алаяқтарға түсіп жатқандар, сонда банктің өзі де жауап берсін».
- «Мемлекет басшысы әрбір шетелге шыққан сапарында, ел ішіндегі сапарларында да тілге баса мән беретіні айдан анық. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тіл өте маңызды нәрсе. Менің ойымша, қазақ тілі расында да қазақ елінің болашағын айқындайтын құрал. Конституциялық реформа қабылданатын кезде Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің өзі нақтылап берді. «Қазақ тілі өзіндік мәртебеге ие тіл ретінде қалады және ол қазақ елінің жалғыз мемлекеттік тілі болып саналады» деген тармағын атап өтті. Бұл әрине, көптің көкейінде жүрген сұраққа нақты тұшымды жауап бола білді».
- «Азаматтардың жеке деректерін, одан бөлек, ғылымдағы өзінің жетістіктерін қорғауға, жалпы экономиканың цифрлық моделіне көшуді қарастырып отыр. Бұл қажеттілік өйткені бұрынғы білім, ғылымның бәрін өскелең ұрпаққа біз сақтап қалдыруымыз керек. Қағаз жүзінде емес, цифрлық күйінде де жеткізуіміз керек. Қазақстандықтардың қазіргі мынау ғылымға бетбұруының өзі мемлекеттің болашағы үшін өте қажетті дүниелер».
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #референдум 2026 #конституцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz