Алматының өрт сөндіру және құтқару қызметі тағы 2 заманауи депомен толықты.
Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері Түрксіб және Бостандық аудандарында бой көтерді. Алты айда салынған кешенде қызметтік үй, спортзал, футбол және балалар алаңы да бар. Жаңа деподағы жаңа көліктердің кілті табысталды. Салтанатты шараға еліміздің төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен қала әкімінің орынбасары қатысты.
«Алатау» жедел мақсаттағы оңтүстік базасында №21 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі іске қосылды. Түрксіб ауданындағы бұл кешен өрт сөндіру және құтқару қызметін атқарады. Министр қызметкерлерге 11 қызметтік пәтердің және арнайы техниканың кілтін табыстады. Яғни мұнда қызметкерлер отбасымен өмір сүреді.
Әнуар Балғабаев, "Қазавиақорғау" РМҚК қызметкері:
- Материалдық база жаңартып жатыр, көбейіп жатырверталеттар, самалеттар саны көбейіп жатыр. Біздің базаларда оперативтік нүктелер көбейді. Бүкіл Қазақстан бойынша бізде точкалар бар.
«Алатау» базасында республикалық деңгейдегі басқару жүйесі құрылып жатыр. Мұнда авиация, құтқару, өрт сөндіру және апаттық медицина қызметі шоғырланады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда осы база 80 мың адамға пана болады екен. Айта кетейік, қалада тағы 5 модульді депо салынып жатыр.
Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
- Біздің норма бойынша 15 шақты деп әлі қажеттілік бар. Өйткені, өздеріңіз көріп отырсыздар Алматының трафигі қандай жолдардағы, сондықтан да бізге көп қиындық туғызып жатыр. Бүкіл өкірлерде нақты осындай форматта деполар тез арада салыну керек. Өйткені, біздің елімізде әлі де 100-ге жуық осындай депоға қажеттілік бар республика бойынша.
Ал «Алма-Арасан» шатқалында №22 өрт сөндіру бөлімі ашылды. Ол Бостандық ауданының тау бөктеріндегі Алатау, Мирас, Ғаламат, Архат шағынаудандарын және басқа да аумақтарды өрттен қорғауға арналған. Бұл аумақта 40 мыңнан астам тұрғын және 255 шаруашылық нысаны орналасқан.
Аршын Кемелжан, Айдос Қалиев
Тегтер #Алматы #өрт сөндіру #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz