Қар еріген соң жылда су тасқыны қаупі күшейе түседі. Қазір Ақмола, Қарағанды, Солтүстік пен Шығыс Қазақстан және Абай облыстары қауіпті аймақтардың қатарында.
Қазгидромет мамандары топырақтың қату тереңдігін, қар жиналу көлемін және еру кезеңіндегі күн райын ескере отырып, көпжылдық гидрометеорологиялық бақылауларға талдау жасады. Нәтижесінде жекелеген айдындарда су деңгейінің көтерілетіні байқалды. Әсіресе Ақмола облысындағы Есіл, Қалқұтан, Жабай және Сілеті, Қарағанды өңіріндегі Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің алаптарында қауіп басым. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан төмен орналасқан учаскелер ерекше бақылауда. Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында да ахуал күрделі. Өйткені жердің тоңы қалың, жиналған қар көп. Бір ғана Шығыс Қазақстандағы Алтай,. Глубокое, Зайсан, Тарбағатай, Самар. Ұлан және Үлкен Нарын аудандары жоғары қауіп аймақтарына енгізілді. Абай облысында жоғары қауіп Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма және Көкпекті аудандарында болжанып отыр. Ал Жетісу, Ұлытау, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстары орташа тәуекел аумағына жатады.

Тегтер #Қазгидромет #қар еру #су тасқыныPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz