RU
Толық нұсқаға өту

Google Gemini енді қазақ тілінде қолжетімді

10.03.2026, 12:15 74

Қазақша қолжетімді жасанды интеллект моделдерінің бірі – Gemini. Қазақ тілі платформаның үшінші буынын іске қосу аясында енгізілген 23 жаңа тілдің қатарына енді. 

Бұл елдегі пайдаланушыларға жасанды зерде мүмкіндіктерін өз ана тілінде   әлемдегі ең ірі тілдермен тең дәрежеде қолдануға мүмкіндік береді. «Бұл – Google компаниясының Қазақстанда жасанды зиятты дамытуға бағытталған кең ауқымды жұмысының бір бөлігі», - дейді мамандар.

Назгүл Бажаева, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өңірлердің цифрлық даму департаментінің директоры:

- Gemini-дың қазақ тілде іске қосылуы мемлекеттік тілдің цифрлық ортадағы қолданылуы артады. Азаматтар жасанды интеллектті өз ана тілінде пайдалана алады және бұл онлайн қызметтерге қолжетімділікті арттырады. Gemini жасанды интеллект моделі басқа жасанды интеллект моделдерінен ерекшелігі – бұл мультимодальды модель. Ол дегеніміз мәтінмен қатар сурет, дыбыс, бейне және кодпен жұмыс істей алады. Гугл сервистермен тығыз интеграцияланады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz