Щучинск қаласында жарылыстан қайтыс болғандар саны 11 адамға жетті. Демалыс күндері жансақтау бөлімінде аса ауыр жағдайда жатқан тағы екі науқас көз жұмды.
Екеуі де дәмхана қызметкері. Еске салайық, палау орталығындағы апат 26 ақпанда болды. Бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шыққан. Салдарынан 28 адам зардап шекті. Оның 11-і бақилық болды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, дәмхана иесі екі айға қамауға алынды.
Мәдина Смағұлова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- Қазір Щучинск қаласындағы ауруханада бір науқас қана қалды. Қалған үшеуі облыстық, бес адам Астана қаласында жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір осы науқастардың ішінде екі адамның жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер тиісті ем-дом шараларын көрсетіп жатыр.
Тегтер #Щучинск #жарылыс #қаза тапқандар
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz