Елде 18 мыңға жуық тұрғын ерікті түрде қан тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігінің өткен айда өткізген науқаны осыншама азаматтың тұрақты донор болуға ниетін көрсетті.
Ақпанның екісі мен 27-сі аралығында республика бойынша 17 990 адам қан тапсырса, 1704 азамат тромбоцит донациясын жүзеге асырған. Сөйтіп республикадағы медициналық ұйымдарға мыңдаған эритроцит құрамы бар компонент, плазма және тромбоцит жөнелтілді.
17 990 адам – қан тапсырды
1 704 адам – тромбоцит тапсырды
15 901 доза – эритроцит құрамы бар компонент
11 487 доза – плазма
4 347 доза – тромбоцит
Алма Демеуова, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы Қоғамдық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы:
- Денсуалық сақтау министрлігінің бастамасымен ақпан айы донорлыққа арналды және Қазақстан бойынша барлық аймақтар осы науқанға қатысты. 18 мыңға жуық адам науқанға қатысты және осындай акциялар көп жүргізілуі тиіс деп ойлаймын. Өйткені көптеген адам осы жолдаманы көріп, бізге келіп жатты.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #қан тапсыру #донорPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz