RU
Толық нұсқаға өту

Ата заң жобасы: еңбек құқығы күшейеді

10.03.2026, 17:40 160

Жаңа Конституция еңбек құқығын күшейтеді.

Атап айтқанда, жаңа жоба әділ еңбекақыға, қауіпсіз еңбек жағдайларына және кемсітушіліктен қорғалуға деген құқықты мызғымас құндылық ретінде айқындайды. Жаңа Конституция жобасындағы еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктер жайы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығында» өткен келелі кездесуде кеңінен талқыланды.  Жиынға Парламент депутаттары, ғылыми қауымдастық өкілдері, университет оқытушылары және мемлекеттік, қоғамдық институттардың басшылары қатысты. Жаңа жобада азаматтардың еңбек етуге, мамандықты еркін таңдауға, әділ еңбек жағдайына және тең жалақы алуға құқығына басымдық берілгені айтылды. Отбасы мен балаларды қорғау да күшейіп, олардың қоғамдағы маңызы ерекше атап көрсетілген.

Ерасыл Жұманбаев, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті:

- Жаңа Конституцияда көрсетілгендей, цифрландыруға өте өзекті рөл берілген. Соның барлығы негізінен осы жұмыстар бойынша толыққанды халықтың арасында да, өзіміздің әріптестер арасында да жан-жақты қаралып, пысықталып, жаңа Конституция бойынша негізгі баптарды талқылау.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz