Биыл Қазақстанда 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Құрылыс қарқыны жоғары болады деп болжанған қалалар көшін Астана, Алматы және Шымкент бастап тұр.
Үкімет үйсіз-күйсіз жүргендерге барынша қолдау көрсетуді көздеп отыр. Екінші деңгейлі банктердің коммерциялық ипотекасын дамыту қолға алынады. Қарашаны қолжетімді баспанамен қамту қарекеті үкімет отырысында жан-жақты талқыланды.
Цифрландыру ісін екінші жоспарға ысырып, «келешектің шаруасы» деп кешеуілдете беру енді жармас. Маңызды өзгерісті осыдан 3 жарым жыл бұрын Президент шегелеп тапсырған. Салаға салмақты өзгерістерді жыл басында қатар қабылданған қос маңызды құжат алып келгені белгелі. Цифрлық пен құрылыс кодексі елдегі құрылысты жаңа деңгейге көтеруге бағытталып отыр. Межелі міндеттің іске асу барысын жаңа ғана өнеркәсіп және құрылыс министр баяндады. Ерсайын Нағаспаевтың ақпарынша, құрылыс кодексі бірінші шілдеден бастап күшіне енеді.
Мұндағы өзгеріс мынада. Құрылыс сапасы мен қауіпсіздігін арттыру үшін салаға қатысушыларға қойылатын талаптар күшейтіліпген. лицензияларды электронды тексеру және инженерлерді кезең-кезеңімен сертификаттау енгізіледі.
Ерсайын Нағаспаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
- Қала құрылысы құжаттарының сапасын күшейту мақсатында барлық құрылыс жобалары, оның ішінде нақты жобалау жоспарлары міндетті сараптамадан өтетін болады. Аталған шара сапасыз жобаларды уақытылы анықтауға, жобалау қателері мен жемқорлықты болдырмауға және құжаттардың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Қосымша Кодексте нақты жобалау жоспарларын тек екі жылда бір рет түзетуге рұқсат етілді. Бұл құжаттардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Тағы бір маңызды жаңашылдық үкімет азаматтар үшін мемлекеттік қолдау құралдарын алуды оңтайландыруға баса мән беріп отыр. Бұл дегеніміз бұған дейін қағазда түзілген ұзын-сонар кезектің жәйі. Оларды толық цифрлық форматқа көшіру адам факторын азайтып, тұрғын үйді есепке алу мен бөлу рәсімдерінің ашықтығын арттырған.
Жансұлтан Матай, «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
- Бүгінгі таңда «Өркен.кз» цифрлық платформасы іске қосылып, жұмыс жасап тұр. Ол қолданыстағы интерфейс. Яғни қолданамын деген адам кіріп сол арқылы қызметін ала алады. Бірақ негізгі барлық процесс бірінші тұрғын үймен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесін жасадық. Соның аясында жүзеге асырып жатыр. 2025 жылдың 24 мамырынан бастап 350 мың адам үйге мұқтаж азамат ретінде өтінім беріп тіркеуге тұрды. Әкімдікте кезекте тұрған азаматтардың базасын да қабылдадық. Ол жерде 642 мыңның үстінде адам.
Өткен жылы қазақстанда 185 мың отбасы шаңырақ шаттығын тойлады. Құрылыстағы жоғары қарқын биыл да сақталмақ. Жыл соңына дейін Отбасы банк 70 мың салымшыға 1,6 трлн теңге жеңілдетілген ипотекалық қарыз беруді көздеп отыр. Осылайша, үйсіз-күйсіз жүргендерге 35 мыңнан аса пәтер үлестіріледі. Осы орайда, айта кетсем, Үйсіздер үмітін маздатқан “Наурыз” бағдарламасы бүгін басталды. Өтінім қабылдау 31 наурызға дейін жалғаспақ. Тағы бір сүйіншілейтін жаңалық қолжетімді баспанаға халықтың қолын жеткізу үшін елде коммерциялық ипотека көлемін арттыруға баса мән беріліп отыр. Үкімет басшысы мемлекеттік бағдарламаларға жүктемені азайтып, қосымша қолдау тетіктерін қарастыруды тапсырды. Олжас Бектенов Өнеркәсіп министрлігі Ұлттық банкпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жобаның жаңа тәсілдерді әзірлеуге пәрмен берді.
Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:
- Мемлекеттік бағдарламаларға жүктемені азайту мақсатында қолжетімді коммерциялық ипотеканы дамытып, көлемін ұлғайту қажет. Өнеркәсіп және құрылыс министріне ұлттық банкпен және басқа да мүдделі органдармен келісіп, екінші деңгейдегі банктердің коммерциялық ипотекасын және тұрғын үймен қамтамасыз ету құралдарын одан әрі жетілдіру бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуді тапсырамын.
Биыл елімізде 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Құрылыс қарқыны жоғары болады деп күтіліп отырған қалалар көшін Астана, Алматы және Шымкент бастап тұр. Саланы жандандыру үшін құрылысты қаржыландыру, дайын пәтерлерді сатып алу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту сынды мемлекеттік қолдау шаралары қатар атқарылады. Цифрландыру ісі де іркіліссіз жүзеге асуы керек.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #тұрғын үй #Отбасы банкPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz