RU
Толық нұсқаға өту

Жоғалған отбасы: екі адамның мәйіті табылды

10.03.2026, 19:20 140

Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды.

Мейрамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевтің денесін күдікті өзі жалдап тұрған үйдің маңына көміп тастаған. Кеше Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиева Атырауға жеткізілді. Сұлтан Сәрсемәлиев кінәсін мойындап, екі адамның денесі жатқан жерді көрсеткен.  Төрт адамды өлтіруге ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжал себеп болған - дейді Ішкі істер министрлігі таратқан ресми мәлімдемеде. Қазір отбасының кіші қызы Ақбаян Мұқанғалиеваның қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Оның психикалық жағдайына сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін, арнайы медициналық мекемеге жатқызылды. 2025 жылдың желтоқсан айында полицияға бір отбасының хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түсті. Кейін ерлі-зайыптының мәйіті ауласындағы сарайдан табылған болатын.

Қанат Нұрмағамбетов, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы:

- ІІМ Индонезия Республикасындағы әріптестерімен бірлесе отырып, Атырау облысында бір отбасыны өлтірген күдіктіні ұстады. Ол Қазақстанға жеткізіліп, қамауға алынды. Жедел тергеу іс-шаралары нәтижесінде қаза тапқандардың мәйіттері табылды. Күдікті кінәсін толық мойындады. Қылмыстық іс «екі немесе одан да көп адамдарды» өлтіру бабы бойынша жүргізілуде. Тергеу барысындағы басқа да деректер жария етілмейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz