RU
Толық нұсқаға өту

Алаяқтар айылын жимай тұр

10.03.2026, 19:30 122

Елдегі әрбір үшінші қылмыс – алаяқтық. Ал әр төртінші құқық бұзушылық киберқылмысқа қақтысты.

Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. Оңай олжаға ауызданғандар халықтың қалтасына түсуді кәдуілгі кәсіп етіп алған көрінеді. Әсіресе жапа шеккен жұрттың сапында зейнет жасындағы жандар жетерлік.

Алаяқтарға алданғандардың дені зейнеткерлер

Алаяқтарға алданғандардың басым бөлігі зейнеткерлер. Жапа шеккен жұрттың 87 пайызы алпыстан асқан жандар. Мәселен, былтыр 47 зейнеткер тұрғын жайын сатып, түскен табысын алаяқтарға ұстата салған. Былтыр алаяқтар қазақстандықтарға 84,5 млн мәрте қоңырау шалған екен. Бұл анықталып, алдын алынғаны ғана. Осынша қоңыраудың жолы кесіліп, 19 млн-нан астамы бұғатталған. Сондай-ақ 100 мың астам SIM-карта және 88 SIM-box құрылғысы тәркіленді.

Зенеткерлер - 87%

Қоңыраулар - 84,5 млн

Бұғатталды - 19 млн

Тәркіленді - 100 мың SIM-карта, 88 SIM-box құрылғысы

Әділет Қадыров, ҚР ҰБ ҰТК «Антифрод» орталығының бас маманы:

- Қазіргі таңда ең көп таралған алаяқтық схемалары жалған қоңыраулар, жалған интернет дүкендер, жалған инвестиция жобалары, әлеуметтік желідегі аккаунттарды бұзу және кредиттік алаяқтық. Бұл түрлер антифрод орталығында тіркелген алаяқтықтардың 80 пайыздан астамын құрайды. Алаяқтық әдістері үнемі өзгеріп келеді. Соңғы жылдары жасанды интеллектіні қолдану арқылы жасалатын алаяқтық түрлері өсіп жатыр.

Интернет алаяқтық 24% өсті

Былтыр 47 мыңнан астам алаяқтық дерегі тіркелді. Оның ішінде интернет алаяқтық өршіп тұр. Былтыр қылмыстың бұл түрі 24 пайызға артып, 28 мыңға жуық құқық бұзушылық орын алған. Келтірілген залал көлемі 6 млрд теңгеден асты. Әсіресе алап қалаларда жағдай жаға ұстады. Дегенмен құзырлылар қол қусырып отырған жоқ.

Алаяқтық - 47 мың

Интернет алаяқтық - 28 мың

Залал көлемі - ₸6 млрд 

Айдар Қонысбек, Астана қаласы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

- Алаяқтық сыйпаттағы материалдар, заңға қайшы сыйпаттағы материалдар, әрдайым әлеуметтік желіллерде, интернет кеңістікте мониторинг жүргізу арқылы анықталып, жыл басынан бері 3 мың сондай контент анықталып, бұғатталуға сілтемелер жіберілді. 

₸500 млн жәбірленушілерге қайтарылды

2024 жылы киберқылмысқа қарсы күресу мақсатында атирфрод орталығы құрылған еді. Қазақша атағанда алаяқтардың алдын алуға арналған орталық. Сол сәттен бері 80 мыңнан астам алаяқтық пен 20 мыңға жуық түрлі құқық бұзушылықтың алдын алған екен. Бас аяғы 2,8 млрд теңге көлемінде күдікті аударымдарды анықтаған. Сан соғып, жапа шекккен жұртттың 500 млн теңгесін кері қайтаруға мұрындық болған.

Алаяқтық - 80 мың дерек

Түрлі құқық бұзушылық - 20 мың дерек

Күдікті аударымдар - ₸2,8 млрд

Кері қайтарылды - ₸500 млн 

Әділет Қадыров, ҚР ҰБ ҰТК «Антифрод» орталығының бас маманы:

- Антифрод орталығы платформасы қаржы ұйымдары мен қылмыс қудалау органдары арасында жедел жұмысты қамтамасыз етіп, күмәнді трансакцияларды анықтап, олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Бүгінде жүйеде 250-ден астам қатысушылар қосылған. Олардың ішінде екінші деңгейлі банктер, микроқаржы және төлем ұйымдары, байланыс операторлары, ІІМ ПД  және прокуратура органдары. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz