RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Ата заң ұлттық қауіпсіздікті нығайтады

10.03.2026, 20:10 158

Кезекте «Конституция қарапайым тілмен» айдары. Жаңа Ата заң жобасы ұлттық қауіпсіздік пен егемендікті қорғауға қауқарлы.

Жаңа Конституция жобасында ұлттық қауіпсіздіктің басты құндылығы ретінде адам қойылады. Сонымен қатар ол заңдылықты қамтамасыз етіп, қоғам мен мемлекет мүдделерінің тепе-теңдігін сақтайды. Қазір толығырақ айтып өтемін. Жаңа Конституция жобасы ұлттық қауіпсіздікті күшейтеді. Жаңартылған редакцияда мемлекеттік егемендік, аумақтық тұтастық және тұрақтылық басымдық ретінде бекітілген. Осылайша тәуелсіздік пен унитарлық мемлекет қағидаты өзгермейтін құндылықтар ретінде айқындалған. Алайда басты назар адамға, оның құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілікке аударылған.

Еліміз әрбір азамат үшін жауапкершілік алады

Қазақстан бейбітшілікті ұстанатын мемлекет ретінде танылған. Жаһандық терроризм индексінің рейтингінде республика әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі саналады. Алайда ұлттық қауіпсіздік тек шекараның мызғымастығы мен сыртқы немесе ішкі қауіп-қатерлерден қорғану ғана емес. Бұл – ел ішіндегі тұрақтылықты да білдіреді. Экономиканың дамуы, инфрақұрылымның қорғалуы, ақпараттық кеңістіктегі тәртіп, көшеде және күнделікті өмірде қауіпсіздіктің сақталуы – барлығы осы ұғымға кіреді. Яғни бұл азаматтардың өздерін қауіпсіз сезіну деңгейімен байланысты. Қазіргі әлеуметтік-саяси жағдайда Қазақстан мемлекеті әрбір азаматтың қауіпсіздігі үшін – ел ішінде де, шетелде де – жауапкершілік алады. Президент айтқандай, біздің төлқұжатымыз – қорғаныстың символы, мемлекет өз азаматтарын ешқашан назардан тыс қалдырмайды.

Қазақстан Республикасы

• Құрлықтағы ең ұзын шекаралардың бірі - 13 000 км-ден астам

• Орталық Азиядағы ең бейбіт ел - әлемде 56 орын (163 елдің ішінде)

Жаһандық бейбітшілік индексі

• Әлемдегі қауіпсіз елдердің бірі - 100 орын (163 елдің ішінде)

Жаһандық терроризм индексі: қауіп деңгейі - 0

Жанар Кегембаева, Заң ғылымдарының докторы:

- Осындай құқықтар мемлекеттік шешімдердің сапасын арттыруға, билікке деген сенімді нығайтуға, демократиялық қағидаттарды дамытуға ықпал етеді. Сол сияқты бізде Қазақстан Халқының кеңесі деп аталатын Конституцияда арнайы 6-шы бөлім бар. Қазақстан Халық кеңесі Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады.

Жаңа Конституция: басты назар – адам

Жаңартылған редакцияда ұлттық, мемлекеттік және жеке қауіпсіздік үштігі басымдыққа ие екенін тағы да еске саламыз. Осы бағыттар бойынша кепілдіктер тұрақты басқару жүйесін қалыптастырады. Сонымен қатар елдің ұзақ мерзімді дамуына нақты бағдар береді. Бұған жалпыұлттық коалиция мүшелері де сенімді. Олардың пікірінше, жаңа Конституция жобасы қазіргі заманның сын-қатерлеріне жауап беріп қана қоймай, Қазақстанның болашақ даму бағытын айқындайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz