RU
Толық нұсқаға өту

Атырау облысында егіс науқанына дайындық жүріп жатыр

10.03.2026, 20:50 118

Биыл Атырау облысының шаруалары мал азығы дақылдары алқабын ұлғайтады. Жалпы өңірде 10 мың гектарға дәнді-дақыл себіледі.

Егістіктің 95 пайызына тамшылатып суару технологиясы қолданылып, су үнемдеуге басымдық беріледі, - дейді мамандар. Қазір егіс науқанына қызу дайындық жүріп жатыр. Диқандар күзде 6 мың 500 гектар жерді жыртып, дайындап қойды. Тоң ерігеннен кейін қалған алқаптарда дала жұмыстары басталады. Егін салатын 300 шаруашылыққа дизель отыны жеңілдетілген бағамен беріледі. Әзірге 16 қожалықтан өтініш түскен. Жалпы облыс шаруаларында 450 трактор мен 300-ден астам ауылшаруашылығы техникасы бар.

Азат Қапанов, облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

- Биыл су үнемдеу технологиясын 10 мың 100 гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Жалпы біздің өңірдің шаруагерлері су үнемдеу технологиясын қолға алып, өнім сапасын және өнім көлемін көбейтіп, жақсы деңгейде қолданып отыр. Дизель отынына келетін болсақ, 98 тоннаға көктемгі дала жұмысына ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден өтінім түсіп, қазіргі таңда жеткізуші операторлар анықталатын болады, наурыз айының осы аптасында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz