Аналар мен арулар мерекесі Алматыдағы Aport Mall West-те ерекше өтті.
Елдегі ең ірі молл қонақтары үш күн бойы тиімді сауда жасап, сән мен сұлулыққа арналған қызықты шараларға куә болды. Ұтыс ойындарына қатысып, сыйлық алды.
Көктем мерекесі Aport Mall West – ке келген әрбір қыз-келіншек үшін тосынсыймен басталды. Олар кіреберісте қоңырау басып, көктемнің белгісі - қызғалдақ гүліне ие болды. Нәзік жандыларға арналған сый-құрмет мұнымен шектелмеді. Арулар арнайы ұйымдастырылған бьюти-аймақта кәсіби мамандардың көмегімен боянып, ажарлана түсті.
Рахман Илямов, Aport Mall West маркетологы:
- 8 наурыз күні әлемнің әсем жандары үшін арнайы LETOILE брендінен бьюти-аймақ жұмыс істеді. Кәсіби визажистер мен шаш стилистері мерекелік образ жасауға көмектесті. Маусымның сәндегі трендтерімен таныстырып, кеңес берді. Сондай-ақ, кішкентай қонақтар үшін қызықты шеберлік сабақтары өтіп, аниматорлар өнер көрсетті.
Мереке күндері Aport Mall West нағыз сән алаңына айналды. Қонақтар, моллдағы үздік брендтердің көктем-жаз маусымына арналған жаңа топтамалары енген сән көрсетілімін тамашалады. Ең қызығы, әрине, ол Aport Mall West ұсынған ұтыс ойыны.
Нұрай Бисембиева, Aport Mall West SMM менеджері:
- Мерекелік бағдарламаның ерекшелігі – қызыл түсті киім киіп келген қонақтарымыз тұрмыстық техника ұтысына қатысты. Олар ресепшнға келіп, купон алып, ұтысқа қатысты. Барша қонақтар белсенді болғанын атап өткім келеді және мерекелік бағдарлама Aport Mall келушілеріне ұнады деген ойдамыз.
Мереке қарсаңында Aport Mall тағы бір үлкен ұтыс ойынын жариялады. Бүгіннен бастап он мың теңгеден жоғары сомаға сауда жасаған қонақтар жаңа автокөліктің иегері атануға мүмкіндігі бар. Ұтыс ойыны екі Aport моллында өткізіледі: екі молл – екі көлік, яғни жеңіске жету мүмкіндігі екі есе көп.
Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Әбен Нарымбаев
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Aport Mall West #мереке #жарнама
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz