Қазақстанда республикалық референдумға дайындық жұмыстары аяқталуға жақын.
Орталық референдум комиссиясының қорытынды отырысында дауыс беруді ұйымдастырудың негізгі мәселелері талқыланды. Ел бойынша учаскелердің дайындығы пысықталды. Барлық азаматқа, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай мен қолжетімді орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу де аяқталып қалды. Комиссияның мәліметінше, 338 байқаушы, 10 халықаралық ұйымның өкілдері, сондай-ақ 34 елден келген 126 байқаушы дауыс беру барысын бақылайды.
Мұхтар Ерман, Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары:
- Біздің тәртіп бойынша шешім қабылданар кезде барлық ұйымның атаулары, байқаушылардың аты-жөні біздің ресми сайтқа түседі. Оның бәрін Орталық референдум комиссиясы сайтынан толық көріп танысуға болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #референдум 2026 #конституцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz