RU
Толық нұсқаға өту

Референдум күні автобус тегін болады

10.03.2026, 21:50 167

Алматылықтар 15 наурызда қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Қала әкімдігінің мәліметінше, мұндай шешім республикалық референдумның өтуіне байланысты қабылданды.

Тұрғындар мен қала қонақтары автобус, троллейбус және метрополитен қызметін, күн бойы ақысыз пайдаланады. Қазір мегаполисте референдумға дайындық, жоспар бойынша жүріп жатыр. Бір қалалық, сегіз аудандық аумақтық комиссия жұмысын бастады. 654 референдум учаскесі бар. 1 млн 311 мың алматылық дауыс беру құқығына ие. Олардың әрбірі өз учаскесіне келіп, тізімде бар-жоғын және аты-жөні дұрыс жазылғанын тексере алады. Ал референдум күні басқа қалада жүрсе, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін алуы керек.

Айгүл Қалықова, қалалық Аумақтық референдум комиссиясының төрайымы:

- Бұл куәлік басқа елді мекенде болатын азаматтарға өздерінің Конституциялық құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол үшін азамат учаскеге келіп, өтініш жазып, жеке басын куәландыратын құжат көрсетуі керек. Осы куәлікпен өзі тұратын қаладан басқа кез келген жердегі учаскеде дауыс бере алады. Егер адам қаладан тыс жерде болса, сенімхат берсе болады. Сенім білдірген азамат учаскеге келіп, өтініш жазып, куәлікті алады. Ал куәліктің түпнұсқасы міндетті түрде иесіне берілуі тиіс.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz