RU
Толық нұсқаға өту

Халықаралық сыйлыққа ұсынылған зерттеу

10.03.2026, 23:10 161

Алматыдағы Президент іс басқармасы медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпиталдің дәрігерлері Әсия Исаева мен Гүлнар Исақанованың мигрень туралы зерттеуі, халықаралық сыйлыққа ұсынылды.

Мигренді зерттеу бойынша америкалық қауымдастық жыл сайын бас және бет ауруларын зерттеу саласындағы үздік ғылыми жұмыстарды бағалайды. 

Президенттің іс-басқармасына қарасты ұлттық госпитальдің дәрігері Әсия Исаеваның айтуынша, елімізде бас сақинасының ауыруы мүлдем зерттелмеген және статистика да жасалмаған. Сондықтан Әлия Исаева мен Гүлнұр Исақанова ұлттық зерттеу жүргізеді. Скринингке ID-Migraine халықаралық анкетасы қолданылады. Оны госпиталь тәжірибесіне енгізіп, 150 адамнан сауалнама алады. Зерттеу нәтижесінде сынаққа қатысқан адамдардың үштен бірінен бас сақинасы анықталған.

Әсия Исаева, Ұлттық госпиталь инновациялар орталығының жетекшісі:

- Бұл біздің 2025 жылғы инновациялық жобамыз. Оны статистикалық деңгейде әрі қарай зерттеп, нәтижесін халықаралық конференцияларға ұсынып, тәжірибе алмасуды жоспарладық. Зерттеу қорытындылары Краков қаласында өтетін халықаралық неврология конгресіне қабылданды. Сонымен қатар жобамызды Америкалық бас ауруларын зерттеу қауымдастығының конгресіне де жібердік. Олар халықаралық сыйлыққа ұсынылғанын айтты.

Бас сақинасы орталық жүйке жүйесінің созылмалы ауруы. Бұл әлемдегі кең таралған сырқаттың бірі. Адамның өмір сапасын нашарлатып, экономикаға зиян келтіреді. Себебі бұл сырқаттан қарттарға қарағанда, еңбекке қабілетті жастардың басы қатты ауырады екен.

Гүлнәр Исақанова, Ұлттық госпитальдің невролог дәрігері:

- Әлем бойынша көп адам осы дерттен зардап шегеді. Негізінен ол еңбекке қабілетті 30–35 жас шамасындағы жандарда жиі кездеседі. Мен күн сайын шамамен 3–5 адамға «мигрень» диагнозын қоямын. Кейде одан да көп болады. Яғни мұндай науқастар өте көп.

Дәрігерлер Қазақстанда мигреннің таралуын кеңірек зерттеуді жоспарлап отыр. Мысалы, 100 мың тұрғынға шаққанда қанша жағдай тіркелетінін анықтағылары келеді. Мұндай деректер денсаулық сақтау жүйесіне пайдалы болады, - дейді мамандар. Ал «Гарольд Вольф» атындағы халықаралық сыйлық жеңімпаздары 1 мамырға дейін анықталады.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz