RU
Толық нұсқаға өту

Жасыл энергетиканы бірлесіп дамыту жобасы

11.03.2026, 19:23 106

Жасыл энергетиканы бірлесіп дамытуға бағытталған келісімді тараптар көп күткен жоқ. Үш ел басшысы 2024 жылы Бакуде өткен басқосуда осындай ұйғарымға келді.

Стратегиялық әріптестіктің қай тарапқа болсын берері көп. Жоба бойынша Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан Каспий түбімен ток кабелін тартады. Бұл Еуропалық Одақтың электр нарығына тікелей шығуға мүмкіндік беретін техникалық жағынан күрделі, бірақ стратегиялық тұрғыдан қажет шешім.

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика Министрі

- Жоба іске асырудың белсенді кезеңінде, елдердің үш энергетикалық ведомствосының Азия Даму Банкімен және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен қол қойылған меморандумының уағдаластықтары шеңберінде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөніндегі консультант ретінде CESI жетекші халықаралық итальяндық консалтингтік компаниясы айқындалды. ТЭН әзірлеу қорытындысы бойынша қаржылық модель және жобаның негізгі техникалық параметрлері айқындалатын болады.

Ақкенженовтің ақпарынша, биыл елдегі жаңартылатын энергия өндіру көлемі 8,8 млрд кВт/сағ-қа жетеді. Қазіргі таңда 162  нысан жұмыс істеп тұр. Былтыр Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау, Ұлытау және Жетісу өңірлерінде 9 жаңа станса іске қосылды. «Жасыл энергетикалық дәліз құру» жоспарында алдағы ауқымды іс аз емес. Жауаптылар білек сыбана кіріскен шаруаға депутаттар мынандай алаңдаушылық білдірді.

Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Соңғы жылдары Қазақстанда жасыл сутегі өндіру жобалары белсенді талқылануда. Оның ішінде Маңғыстауда қуаты 40ГВТ ірі жаңартылатын энергетика кешенін құру жоспары бар. Аталған жобалардың жасыл энергетиканы дамыту және энергия экспортын ұлғайтуға маңыздылығын ескере отырып, осы жобаларды іске асырудың қазіргі жағдайы қандай? Сондай-ақ олар осы келісімде келісілген жобалармен кірістіруге бола ма?

Төменгі палатада бүгін талқыға түскен тақырып бұл ғана емес. Мәжілістегі мінберге экология министрі де келді. Күн тәртібіндегі мәселеден бөлек, Ерлан Нысанбаев бірнеше маңызды жаңалықтарымен бөлісе кетті. Айтуынша, Қазақстанда биылдан бастап киік мүйіздері ресми сатыла бастайды. Экология министрлігінің қоймаларында шамамен 20 тонна киік мүйізі сақтаулы. Оның барлығы заңсыз ақбөкен аулаған броконьерлерден алынған. Бұдан бөлек, министр бәйшешек жұлғандар да қатаң жазаланатынын ескертті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz