RU
Толық нұсқаға өту

Таразда қызметкерлерге әлеуметтік төлемдер уақытында аударылмаған

11.03.2026, 20:17 113

Таразда 2500-ден астам қызметкердің бірнеше ай бойы әлеуметтік төлемдері аударылмағаны анықталды. 1895 қызметкер қалалық білім бөліміне қарасты балабақшаларда жұмыс істейді. 

Оларға 283 миллион теңге көлеміндегі міндетті зейнетақы жарналары уақытында түспеген. Сонымен қатар міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру жарналары да төленбеген. Заңбұзушылық қала тазалығына жауапты «Жасыл Ел Тараз» мекемесінде де тіркелді. Кәсіпорынның 650 жұмысшыға 20 миллион теңгеден астам берешегі бар екені белгілі болды. Қалалық прокуратура өкілдері мәселені бақылауға алғаннан кейін барлық қарыз толық өтелді.

Саламат Әбітбекова, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры:

- Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде жалпы сомасы 300 миллион теңге зейнетақы жарналары толықтай өтеліп, 34 мектепке дейінгі ұйымның бірінші басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңдылықты бұзушылық бір жыл ішінде қайталанатын болса айыппұл түріндегі жаза тағайындалатын болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz