Биылғы маусымда жалпы аумағы 21 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдерін егу жоспарланған.
Арпа, бидай, мал азығы мен майлы дақылдарды өсіруге басымдық беріледі. Сала мамандарының мәліметінше, бұл қаланың қарқынды өсуімен тікелей байланысты. Мемлекет қажеттілігіне қайтарылған жер учаскелеріне тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынады. Сонымен қатар күре жолдар төселіп, инфрақұрылым тартылады. Алайда егістік алқаптарының азаюына қарамастан қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында жылыжай шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл жылыжайлардың жалпы аумағы 140 гектарға жетті.
Сағдат Маханов, қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
- Қала жылдан-жылға үлкейіп келе жатыр. Құрылыс жұмыстары, тұрғын үй, жол құрылысы, жасыл желек бар. Солардың барлығын алатын болсақ, былтырғы жылмен салыстырғанда 2 мың гектардай жер қысқарған. Қала аумағында жылыжай шаруашылығы 140 гектарға жақындады. Өйткені үлкен жылыжайлар құрылысы белең алып келе жатыр.
Тегтер #Шымкент #егістік #ауыл шаруашылығыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz