RU
Толық нұсқаға өту

Өңірлерде жаңа Конституция жобасының маңызы түсіндірілді

11.03.2026, 21:21 164

Жаңа Конституция жобасына арналған референдумға үш күн қалды. Өңірлерде халықпен кездесу жалғасып жатыр. Сарапшылар мен қоғам белсенділері тұрғындар арасында жаңа құжаттың негізгі ережелерін түсіндіріп жүр.

Ата заңға қатысты жиын Астанада да өтті. 

Реформаларды қолдау бойынша Астанадағы форум дәрігер, аспаз, құрылысшы секілді бірқатар сала маманы мен жастардың басын біріктірді. Сарапшылар 1995-ші жылғы Ата заңды жаңалаудың негізгі себептерін түсіндірді.

Санира Жүсіпова, AMANAT партиясы Есіл аудандық филиалының төрайымы:

- Ардагерлер, жалғызбасты ардагерлерді, онымен қатар НИТ санатындағы жастарды, медицина, спорт, құрылысшылар, газдандыру барлық саладағы халықты қамыдық. Ең бастысы, әрбіріне қарапайым тілмен біздің жаңа Конституция жобасын жеткізуге тырыстық. Қазіргі таңда бүгінгі артымда тұрған мыңдаған қазақ елінің азамат, азаматшалар жиналып жатқан, дегенмен бұл -  қолдаудың белгісі.

Кейінгі 30 жылда әлем қарыштап өзгерді. Технология дамып, қоғам мен мемлекеттік басқару жүйесіне цифрлық құралдар енді. Реформаның мақсаты мен мәні де осыда. «Себебі Конституцияны жаңарту – мемлекеттің даму жолындағы заңды процесі», - деді қоғам белсенділері. Жастар да жаңашылдықты бірауыздан қолдады.

Расул Кенхан, студент:

- Осы жерге келу себебім – жаңа Конституцияны қолдау. Себебі жаңа Конституцияны қолдау әр қазақтың, халықтың, өзінің жеке істеу керек, баруы керек маңызды іс деп ойлаймын. Жаңа Конституция Құрылтай кезеңінде көргеніміз бойынша өте жақсы түрткілер енгізілді. Жаңа Конституцияға дауыс беруге барамын және менің ата-анам, толық отбасым дауыс беруге барады.

Түсіндіру жұмыстары алдағы екі күн бойы жүреді. Ал 14-і «тыныштық күні» деп белгіленді. Бұл кезде агитация жүргізуге тыйым салынады. 15-наурызда жалпыұлттық референдум өтеді. 

Авторлары: Альмира Оразбай, Қанат Махмутов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz