Жаңа Конституциялық модельдегі саяси партиялардың институционалдық рөлі артады. Еуразиялық интеграция институтының сарапшылары осындай пікірде.
Астанада өткен «Ашық саясат» клубының кезекті отырысында сарапшылар мемлекеттік басқарудың жаңартылған құрылымындағы саяси партиялардың практикалық рөлін талдады. Сондай-ақ партиялардың Ата Заң жобасын түсіндіру жұмыстарына қатысуы, алдағы сайлау науқандарына дайындық және партияішілік демократияны дамыту мәселелері көтерілді. Сарапшылар ұсынылған құжат құрылымында адами капиталға үлкен назар аударылғанын атап өтті. Жиынға саяси партиялар өкілдері, депутаттар, сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Арман Ешмұратов, Еуразиялық интеграция институты департамент басшысы:
- 15 наурызда жаңа Конституция қабылданса, бүкіл саяси жүйе өзгереді деп айтуға болады. Себебі саяси партиялардың рөлі саяси жүйеде жоғары болады. Саяси партиялар да маңызды мәселелерді, өзекті мәселелерді қоғамда көтереді. Көрдіңіздерме, ол да бір жағынан қоғамдық бәсекелестік қызық нәрсе.
Дінмұхаммед Әзімбайұлы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары:
- Конституцияның негізгі Преамбуласында білім, инновация және адами капиталға басты приоритет бөлініп отыр. Жалпы цифрлық деректерге қарайтын болсақ, біздің жалпы ішкі өнімімізде адами капитал және оның жанындағы өңделген өнімі тек қана 0,2%-ға жеткен. Жалпы дүниежүзілік дамыған елдерде ол 5%-ға жетті. Сондықтан Конституциядағы басты өзгеріс ол осы бетбұрыста байқалатынын байқалатынын көріп отырмыз.
Тегтер #Жаңа Конституция жобасы #референдум 2026 #саяси партияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz