RU
Толық нұсқаға өту

Жетісу облысында жаңа Конституция жобасына арналған форум өтті

12.03.2026, 09:00 105

Жетісулық жастар жаңа Конституция жобасын насихаттауға арналған форум өткізді.

Оған үкіметтік емес ұйым мүшелері, оқушылар, студенттер мен еріктілер қатысты. Ата заңдағы өзгерістер талқыланып, алғаш рет волонтерлік қызметке қатысты жеке тармақ енгізілгені айтылды. Мемлекеттік құжаттағы мұндай толықтыру қоғамдағы волонтерлік мәдениетті дамытуға ықпал етеді, - дейді жастар. Кездесуде қоғам белсенділері аймақ жастарын «Халықаралық волонтерлер» жылында көптеп ізгі амал жасауға әрі референдумда белсенділік танытуға үндеді.

Арнай Байжұрынов, «Жетісу жастары» КММ директорының орынбасары:

- Реформаның 31 баптың 2 тармағында еріктілікке қолдау көрсетілетіні айтылған. Бұл маңызды қадам екенін түсініп отырмыз. Себебі волонтерлік дегеніміз бұл өзіміздің қанымызда бар қазақ  ұлтының қасиеті болып табылады.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz