RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы күрежолдың құрылысы басталды

12.03.2026, 13:20 127

Қызылорда – Ақтөбе автожолын кеңейту жобасы басталды. Құрылыс жұмыстары екі кезең бойынша жүргізіледі.

Алдымен Қызылорда қаласын айналып өтетін 25 шақырымдық жаңа жол салынады. Одан кейін Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарының сыртымен өтетін 462 шақырым автодәліздің құрылысы жалғасады. Жоба аясында жаңа жол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне қосылады. Сондай-ақ жол бойында 11 көпір, өткелдер мен су өткізу құбырлары салынып, жолаушыларға арналған қызмет көрсету кешендері бой көтереді. Мамандардың айтуынша, бұл жоба халықаралық автодәліздегі көлік қатынасын жеңілдетіп, жүк тасымалының артуына мүмкіндік береді.

Жәнібек Сыздықов, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Екінші этап бойынша 462 шақырым жалпы құны 880 млрд теңгеге жуықтайды. Енді алдағы уақытта жұмыстар жалғасын таба беретін болады. Техникалық мамандар саны толық жеткілікті. Негізгі жоба бойынша жол құрылысы 3 жылда бітеді деп күтілуде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz