RU
Толық нұсқаға өту

БҚО-да жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

12.03.2026, 13:40 95

Алдағы жексенбіде ел таңдауына ұсынылатын Конституцияның жаңа жобасымен ауылдағы ағайын танысып жатыр.

Жаңа заңда «Заң үстемдігі» қағидасы басты бағыт ретінде айқындалды. Ғылым мен білімді дамыту, тіліміздің тұғырын биіктету жайы да нақты көрсетілген. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесіп, ата заңдағы өзгерістердің маңызы туралы айтты. 

Конституция –мемлекеттілігімізді нығайтып, елдің ертеңгі даму жолын айқындайды. Құжаттың кіріспесіндегі «Әділетті Қазақстан» ұғымы   - заң мен әділдіктің үстемдігін көрсетеді.   Казталов, Теректі, Ақжайық аудандарында болып, тұрғындармен кездескен Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Ата заңдағы өзгерістер уақыт талабы екеніне тоқталды.

Мәлік Отарбаев, ҚР Президентінің кеңесшісі:

- Басты мақсатымыз тәуелсіздікті нығайту, мемлекеттілігімізді күшейту. Бүгін тек геосаяси жағдайды ғана емес, жалпы біздің ішкі бірлік пен ынтымақты барынша дамыту. Бұл біздің түпкі міндетіміз.  Кез келген мәселеге мемлекеттілік және мемлекетшілдік тұрғысынан қарап, қай салада қызмет етсек те тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай сақтауға міндеттіміз.

Конституциялық реформалардың мән-маңызы ауыл-аудандарда жан-жақты түсіндірілді. Өзгерістер өзегінде адам құқығы алға шығуы - мемлекеттің басты байлығы адам екенін айқын аңғартады, - дейді елдің естілері. Сөз алғандар елдің ертеңі үшін референдумға қатысуға шақырады.

Надежда Васильева, Жалпақтал ауруханасының бас дәрігері:

- Әрине, референдумға барлығымыз да атсалысып, медицина қызметкерлер арасында атсалысу жөнінде үлкен түсінік жұмыстарын да жүргізіп, 15 наурызда бір үйдің баласындай жаңа айтып кеткендей, барлығымыз да қатысып атсалысамыз.

Сондай-ақ Президент кеңесшісі аудандардың экономикалық әлеуетімен де танысты. Мәселен, Казталов ауданында «Қаладан – ауылға» өңірлік бағдарламасы іске асуда, ауылнайлар институты енгізілген,

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Э. Аюпов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz