RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды облысында қар құрсауынан 3600 көлік шығарылды

12.03.2026, 13:55 98

Қарағанды облысында екі тәулік бойы толассыз соққан қатты боран кезінде полицейлер мен төтенше жағдай қызметкерлері жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетті.

Астана-Қарағанды тасжолында 3600 көлік арнайы колоннамен ілестіріліп, қауіпсіз аймақтарға жеткізілді. Ақтүтек боранға байланысты колонна сағатына небәрі 20-30 шақырым жылдамдықпен қозғалған. Сондай-ақ құтқарушылар екі күн ішінде қар құрсауында қалған 500-ден астам адамды аман алып шықты. Қазіргі уақытта да боранға байланысты өңірдегі бірқатар жолдар жабық. Құтқару және жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Думан Дәлешов, ТЖД Бастығының орынбасары:

- Авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, оның ішінде балалар да бар. Құтқарылған адамдарды эвакуациялық пунктарға жеткіздік. Мекендерге жеткізіп, сәйкесінше жұмыстар атқарылды. Республикалық маңыздағы жолдардың 9 учаскесі жабық және облыстық маңыздағы жолдардың 10 бағыты жабық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz