Ақмола облысында да ақтүтек боран. Өңірде бір тәулікте жолда қалған 145 адам құтқарылды. Оның үшеуі бала.
Қар құрсауында қалғандар бірден жақын маңдағы жылыту бекеттеріне жеткізілді. Боран салдарынан 33 жол көлік оқиғасы тіркелді. Зардап шеккендер жоқ. Ал, бұрқасыннан жолда қалған төрт мыңнан астам көлікті тәртіп сақшылары 18 колоннаға бөліп, діттеген жеріне жеткізді. Бұдан бөлек, екпінді жел Көкшетаудағы екі үй мен бір әлеуметтік нысанның шатырын жұлып әкеткен. Айта кетейік, кеше аймақтағы желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 30 метрге дейін жетті. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр.
Ақжол Қылышбаев, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары:
- Жеке тұрғын үй бойынша бізде ол кісілерге бір мезгілді көмек көрсетіледі. Яғни 100 айлық есептік көрсеткіш ретінде. Ол үшін ол кісілер әкімшілікке өтінішпен жүгінуі керек. Әлеуметтік нысан бойынша бүгін жұмыстар басталып кетті. Одан басқа тағы бір обьект көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры зақымдалған, 46 шаршы метр. Сол шатырды беріп, жұмыстарды жүргізіп береміз.
Ерсайын Қойшыбаев, облыстық ТЖД ресми өкілі:
- Өткен тәулікте жылыту бекетіне 72 адам орналастырылды. Оның үшеуі бала. Сондай-ақ жедел-құтқару жасағының көмегімен Купчановка ауыланан бір науқас Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілді. Бораннан зардап шеккен жоқ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #боран #АқмолаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz