Елде жергілікті биліктің әлеуеті мен аймақтардың қаржылық дербестігі күшейіп жатыр.
Былтыр ауылдық округтердің бюджеті 442 миллиард теңгеден асты. Бұған қоса, округтердің орташа бюджеті 190 миллион теңгеге жетті. Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының үшінші республикалық форумында осылай деген Мемлекет басшысы, аймақтардың өз қаржысын мұқият жоспарлап, табысын арттыруға мән беруге тиіс екенін айтты. Сондай-ақ Президент, биылдан бастап ауылдық округтер қосымша табыс көзіне ие болатынын жеткізді. Яғни кең таралған пайдалы қазбалар өндірісіне, жерасты сулары мен емдік балшықтарды пайдалануға салынатын салықты өздері жинап, қажетіне жаратады.
ЦИТАТА
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Қазіргі тәртіпке сәйкес жергілікті бюджет бекітілетін кезде депутаттарға жалпы мәлімет қана ұсынылады, тиісті түсініктемелер берілмейді. Сондай-ақ бюджет жобасы мәслихаттың қарауына соңғы сәтте жолданады. Сол себепті оны депутаттар үстірт қарап, қысқа мерзім ішінде қабылдауына тура келеді. Соның салдарынан қаражат халықтың нақты қажеттілігін өтемейтін, тиімсіз жобаларға жұмсалып кететін жағдайлар пайда болады. Мұндай келеңсіздікке тосқауыл қою үшін өкілді орган бюджетті жоспарлау үдерісіне әуел бастан атсалысуы керек. Бірақ бюджет бойынша барлық талқылау тек мемлекет пен өңірлік мүдделерге негізделуге тиіс. Лоббизмге немесе популизмге жол бермеу керек. Басты ұстаным – бәрі де халық үшін.
Тегтер #ауылдық округ #қосымша #табыс #депутат #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz