RU
Толық нұсқаға өту

Павлодар облысында мұғалім боранда жаяу жүріп көліктерге жол көрсетті

12.03.2026, 18:19 120

Павлодар облысында алай-дүлей боран соғып тұр.

Бір тәулікте 30 адам қар құрсауынан құтқарылды. Төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Осындай сын сағаттарда көмек тек кәсіби мамандардан келген жоқ. Ақтүтек боранда көліктерге жол көрсеткен ауыл мұғалімінің әрекетіне тәнті болғандар көп. Тереңкөл ауданының тұрғыны Марина Бедрина жүргізушілерді қар құрсауынан шығаруға көмектесті. Ол шамамен төрт шақырымдай жаяу жол көрсетіп отырған. Оның артынан ерген көлік керуені діттеген жеріне аман-есен жетті. Әлеуметтік желіде тараған видеоны көрген жұрт Маринаның батылдығы мен табандылығына тәнті болып, алғыстарын жаудырып жатыр.

Мария Бедрина, Тереңкөл ауданының тұрғыны:

- Мен көліктен кім шығатынын ұзақ ойланғаным жоқ, себебі рульде күйеуім болды. Ол көлікті маған қарағанда жақсы жүргізеді. Сондықтан жаяу жүріп, жол көрсеткенді жөн санадым. Алдымызда алты көлік болды, олардың үшеуі екі жолақты жолда болып, қарсы бағыттағы жолақты жауып тұрған еді. Мен көліктің терезесін қағып, соңымнан жүруді ұсындым.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz