Жаңа Конституция жобасының 2-бабында ұлттық валюта теңгенің мәртебесі мен оны эмиссиялау құқығына қатысты нақты түзетулер енгізілді.
Ұлттық валюта - мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Ал оны Конституция деңгейінде бекіту теңгенің институционалдық маңызын нақтылап, қаржы-валюта айналымы саласындағы мемлекеттік саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етеді. Қаржы секторының өкілдері Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен жаңа Конституция жобасын талқылап, қолдау білдірді. Жиынға қатысушылардың айтуынша, негізгі заң елдің экономикалық дамуы үшін маңызды ережелерді бекітеді. Мемлекеттік саясаттың құқықтық тұрақтылығы қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастырады. Кәсіпкерлікті дамытып, инвестицияны көбейтеді. Ұлттық экономиканы нығайтады.
Еркін Дүйсенов, Конституциялық комиссияның мүшесі, заң ғылымдарының докторы:
- Ата заңның жаңа жобасында теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту қарастырылған. Құжатқа сәйкес, теңге Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы әрі жалғыз ақша бірлігі болып айқындалмақ. Осы арқылы біз өзіміздің экономикалық, соның ішінде қаржылық егемендігімізді қорғаймыз. Бұл біріншіден. Екіншіден, әкімшілік-аумақтық бірліктер үшін арнайы аумақ құру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл да шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал ететін фактор болады.
Тегтер #конституциялық реформа #жоба #қаржыгер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz