RU
Толық нұсқаға өту

Жезқазғанда жастар жаңа Конституция жобасын талқылады

12.03.2026, 19:19 55

Жезқазғандық жастар жаңа конституция жобасын талқылауға арналған форум өткізді.

Мыңға жуық студент пен ерікті қатысқан шарада референдумның маңызы жайлы айтылды. Көшбасшы жастар маңызды құжаттағы негізгі басымдықтар туралы баяндады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастардың саяси науқанда белсенділігі жоғары. Жалпы өңірде 1 айдан бері ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінге дейін 300-ден астам шара ұйымдастырылып, 20 мыңға жуық адам қатысты.

Алуа Нұрахмет, еріктілер ұйымының мүшесі:

- Біз жастар жаңа Конституцияны қолдаймыз және жаңа Конституция елімізге жаңа мүмкіндіктер алып келеді деген үміттеміз. Бүгінгі шараға студенттер де, еріктілер де келіп жатыр. Бәрі жоғары деңгейде өтті. Көңіл-күйіміз жақсы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz