Кейінгі үш жылда «Ұлттық қор балаларға» бағдарламасы аясында 7 миллионға жуық балаға 2,5 миллиард доллар аударылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған бағдарлама ұлттық байлықты әділ бөліп, жастарға тең мүмкіндік беруге бағытталған. Қолдау қаржысы бала 18 жасқа толғанға дейін жинақталады. Кейін есепшот иелері тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе оқу ақысын төлеуге пайдалана алады. Жалпы халық бұл бастаманы балалардың болашағына жасалған маңызды қолдау ретінде бағалап отыр.
БЛИЦ:
- Мүмкін ол ақшаны жинап оқуына құртпаса да үй алуына болашақта мүмкіндік бар деп ойлаймын. Бұл ата-анаға да жасөспірім балаға да өте жақсы көмек деп ойлаймын.
- Балалардың кішкентайынан бастап 18-ге дейін біраз ақша жиналады. Әрине аз соммадан басталып жатыр. Дегенмен, болашақта Қазақстан дамып жатса экономика дамып жатса жақсы үлкен сомаға дейін баратынына сенеміз.
- Ұлттық қордан түсіп жатқан бұндай көмек біздің кезімізде болмаған нәрсе. Қазіргі ұрпаққа өте тиімді. Және мемлекеттің құрған өте тиімді саясаты деп есептеймін.
Тегтер #ұлттық қор балаларға #миллиардPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz