Брюссельдегі отандастарымыз жаңа Конституция бойынша дауыс беруге әзір. Әсіресе жастар белсенді.
Qazaq Society студенттік бірлестігінің өкілдерімен Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Роман Василенко жүздесті.
Дипломат «референдум – азаматтарға өз пікірін тікелей білдіруге және ел дамуының негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретін шара» екенін жеткізді. Кездесуге қатысушылар, конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызын, саяси жүйенің даму перспективаларын талқылады. Студенттер елшіден реформаларды іске асыру тетіктері және Қазақстанның Еуропамен ынтымақтастығы туралы сұрады. Бельгия және Люксембургте тұратын отандастарымыз 15 наурыз күні таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін Қазақстанның Брюссельдегі елшілігі жанындағы №405 дауыс беру учаскесіне барып, референдумға қатыса алады.
Әлімсері Махамбетәлі, Левен университетінің студенті:
- Біз үшін еліміздің болашағы өте маңызды. Сондықтан референдумға қатысып, конституциялық құқығымды пайдаланып, дауыс беремін.
Ата Заңымыздағы преамбуладағы біздің мемлекетіміздің унитарлы және жалпы шекаралық тұтастығы туралы үлкен мәселелер қарастырылған. Бұл мәселелермен толықтай келісіп, жалпы Қазақстанның бірлігін, Тәуелсіздігін, ынтымақтастығын сақтауда үлкен рөл атқарды деп ойлаймын.
Бұл норманың енгізілуі – цифрлық дәуірдегі жеке қауіпсіздігіміздің кепілі. Ол тек қана біздің жеке мәліметтеріміз ғана емес, банктегі мәліметтеріміз, бір-бірімізбен хат алмасуымыздың интернеттегі қауіпсіздігін заңды түрде қорғайтыны айтылады.
Тегтер #отандастар #референдум 2026 #Жаңа Конституция жобасы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz