Елде ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесі жыл соңына дейін 70%-ға жетеді. Бұл туралы Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында айтылды.
Биыл алғашқы екі айда азық-түлік пен сусын өндірісінде жоғары өсім байқалады. Азық-түлік өндірісінің көлемі 665 млрд теңгеге, ал сусын өндірісінің көлемі 175,4 млрд теңгеге жетті.
Жалпы өткен жылы елде 1,2 трлн теңгеге сусын өндірілді. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов тамақ өнеркәсібі тұрақты даму қарқынын сақтап отырғанын айтты. Былтыр тамақ өнімдерін өндіру көлемі 3,9 трлн теңгеге жеткен.
Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 8,1 пайызға жоғары. Ал 2026 жылы көрсеткішті 4,7 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Тегтер #ауыл шаруашылығы #өнім #қайта өңдеу #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz