Қостанайда республикалық референдумды қолдауға бағытталған форум-концерт өтті. Сахна төрінде сөз сөйлегендер ел өміріндегі маңызды саяси оқиға жайлы ой-пікірлерін білдірсе, өнер адамдары көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Лық толы зал. Көк туды желбіретіп, патриоттық әндерді қосыла шырқаған жастар. Кең сарай ішін дәл осы күні жігеріңді жандырып, рух беретін ахуал кернеп тұрды. Мұндағы жастардың пікірі «бүгінгі таңдау – болашағымыздың берік тұтқасы» деген арнада тоғысып жатты.
Сержан Ербол, студент:
- Жаңа Конституция – біздің жаңа бағытымыз, жаңа бастау, жаңа жол. Сол себепті бәріміз бір ауыздан Коституцияға дауыс беруіміз керек.
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева негізгі заң жобасын Қазақстанның интеллектуалдық болашағына салынған стратегиялық инвестиция деп санайды.
Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Конституция жобасының басты құндылығы – адами капитал. Яғни бірінші кезекте азаматтардың бәсекеге қабылеттілігін қалыптастыруға негізделген. Білім, ғылым, инновация ел дамуының өзекті бағыты ретінде айқындалды. Осы тұрғыдан алғанда бұл жастарға үлкен мүмкіндік береді.
Думанды кеште өнер көрсеткен қазақстандық белгілі әншілер де жаңа Конституция ел дамуының берік іргетасы боларына сенімді.
Қайрат Түнтеков, әнші:
- Конституцияда жақсы жағына өзгереді деген сенімім бар. Мен де Қазақстанның тұрғыны ретінде болашағымыз жарқын болады деген ойдамын.
Айта кетелік, Қостанай облысы бойынша 536 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие. Соның 20 пайызы – жастар.
Авторлары: Мағауия Қалиев. Сергей Трахтенберг
Тегтер #Қостанай #референдум 2026 #форум #концертPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz