Бүгін республикалық референдумның соңғы үгіт-насихат күні. Ертең, яғни 14 наурыз күні тыныштық жарияланып, қандай да бір үндеу тастауға заңмен тыйым салынады.
Бұл жайында бүгін орталық референдум комиссиясының отырысы барысында айтылды. Ал мәдениет және ақпарат министрлігі референдумге дайындық барысында заңнаманы бұзудың 26 дерегін анықтапты. Ведомствоның бірінші вице-министрі Қанат Ысқақовтың сөзінше, 68 республикалық БАҚ пен 229 танымал интернет-ресурстарға мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнамалар мен олардың нәтижелерін орналастыруға қатысты бұзушылықтар тіркелген. Жалпы айта кету керек, осы жексенбіде өтетін референдумды байқау үшін 256 ұйым аккредитациядан өткен. Ал 71 мыңнан астам комиссия мүшелері үшін 6 мыңға жуық оқыту семинары ұйымдастырылған. Референдум күні республика бойынша 10 401 учаске ашық болады. Ал дауыс берушілердің болмауына байланыста 1 учаске жұмыс істемейді. Енді жексенбі күні орталық референдум комиссиясы әр 2 сағат сайын тікелей эфирге шығып, дауыс беру барысы жайлы ақпараттармен бөлісетін болады.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы:
- Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін референдумға байланысты өзге де зерттеулер, дауыс беру нәтижелерін, болжамдарын, дауыс берілетін күні БАҚ-да, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейді. Дауыс беру күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пункте, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізуге де тыйым салынады. Бұл талаптардың сақталуы референдумның ашық, әділ және заң талаптарына толық сәйкес өтуінің маңызды шарты болып табылады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #референдум 2026 #конституцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz