Жалпыұлттық коалициясының құрамына бес партия мен 300 қоғамдық ұйымның өкілдері кірді.
Олар аймақтарды аралап, миллиондаған адамға жаңа Конституцияның жобасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл жайлы бас қалада өткен басқосуда айтылды. Президенттік орталықта «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының қорытынды отырысы өтті. Іс-шараға саяси партиялардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, Парламент депутаттары, сарапшылар және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты. Республикалық референдум қарсаңында кездесуге қатысушылар түсіндіру жұмысын қорытындылады. Іс-шарада Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және өзге де азаматтар сөз сөйледі.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Бүгін біз еліміздің идеологиялық бағдарының терең әрі мазмұнды трансформациясын байқап отырмыз. Іс жүзінде ұлт болашағының жаңа бағыты айқындалды. Ең алдымен осы бағытты батыл, өзгерістерді қорықпай қарсы алуға дайын ел жастары қолдап отыр. Олар үшін реформалар жай ғана саяси күн тәртібі емес, өз өмірлерінің ажырамас бөлігі. Жастар қауымы үкілеген үміттері мен алға қойған жоспарлары елдің даму стратегиясынан көрініс тауып жатқанын байқап отыр. Дәл осы көзқарас тоғысқан тұста Мемлекет басшысы мен жастар арасында ерекше синергия қалыптасады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #референдум 2026 #коалицияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz