Алматыда референдум күні 2,5 мыңнан аса тәуелсіз байқаушы Қоғамдық коммуникациялар орталығымен бірлесіп жұмыс істейді.
Олар алты үкіметтік емес ұйымның қатарына кіреді. Бұл туралы тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штаб мүшелері мәлімдеді. Орталық референдум күні Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің оннан астам өңірімен тікелей байланыс орнатып ақпарат таратады. Негізгі мақсат - ақпараттың шынайылығын тексеру және жалған мәліметтердің таралуының алдын алу. Бұл референдум барысы туралы жедел әрі толық ақпараттық көрініс қалыптастыруға мүмкіндік береді, - дейді ұйымдастырушылар.
Нұржан Мұхамеджанова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, медиаменеджер:
- Барлық осы аймақтардың басын біріктіретін, тікелей эфирді ұйымдастырайық деп, жоспарлап отырмыз. Біздің тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының тарапынан, әріптестеріміз тәуелсіз байқаушы ретінде тіркеліп, референдумның өту барысын қадағалайтын болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #референдум 2026 #конституцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz