Елде ChatGPT Edu жобасы 200 мың педагогты қамтиды. Оқу-ағарту министрлігі пилоттық жобаны ресми түрде іске қосуға әзірленіп жатыр.
Жасанды интеллект ұстаздардың жұмысын қаншалықты жеңілдетеді?
Қазіргі уақытта 100 мың ChatGPT лицензиясына квота бөлінді. Бекітілген меморандум аясында Оқу-ағарту министрлігінің қажеттіліктері үшін жылдың 2-жартысында тағы 100 мың лицензия бөлінеді. Оның 5 мыңы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына, 10 мыңы колледждерге, 85 мыңы мектептерге арналады. Осылайша, жыл соңына дейін 200 мың педагог заманауи AI құралдарын кеңінен қолдануға мүмкіндік алады.
Қуаныш Мейрамқызы, Информатика пәнінің мұғалімі:
- Күнделікті жасайтын жұмыстарымызды ЖИ-ге беріп оны едәуір қысқа уақытта жаса аламыз. Жасанды интеллектті барлық бағытта қолданамыз. Баланың қызығушылығына қарай бөлеміз. Мұғалімдердің уақытын жүйелі пайдалану үшін цифрлық құралын қолданамыз. Барлық лабораторлық жұмысын, зертханалық жұмысын немесе қысқа мерзімді тақырыптық жоспарын жасауда көмекші болып табылады.
Яғни әрбір педагогтың ақылды асссистенті пайда болады. Ол оқушылар мен студенттердің жұмысын бағалау критерийлерін құруға, білім алушымен жеке кері байланыс орнатуға көмектеседі. Дегенмен қорытынды бағаны әрдайым педагогтың өзі қояды.
Иә, бүгінде ChatGPT әлемдегі озық технологияның бірі. Ол академиялық процесстерді автоматтандыра алады. Оны білім жүйесіне енгізу оқыту сапасын арттырады, педагогтердің зерттеу әлеуетін дамытады, - дейді мамандар.
Асылбек Ахметжанов, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:
- Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізу бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта «QazTech» платформасы негізінде Ұлттық білім беру дерекқорын жағырту жұмыстары жүргізілуде. Ол электронды күнделіктердің бірыңғай қоймасына айналатын болады. Сонымен бірге Ұлттық білім беру платформасы құрылатын болады. Осылайша, жекелеген көп ақпараттық жүйелердің орнына білім беру саласындағы барлық сервистер мен мемлекеттік қызметтерді бір платформада біріктіруді жоспарлап отырмыз.
Оқу-ағарту министрлігі ChatGPT Edu жобасын іске асырудың жол картасын бекітті. Өңірлер бойынша квоталар есептеліп, жобаға қатысатын педагогтердің тізімі жасақталып жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Оқуағарту министрлігі #жасанды интеллект жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz