Талдықорғанда Наурызнаманың онкүндігі аясында қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтті.
Көпшілік назарына киізден басылған күрдеше, бас киім, күмістелген сырға мен шолпы және оюмен өрнектелген өзге де әшекейлер ұсынылды. Сонымен қатар теріден жасалған белбеу, тоқылған қуыршақтар, күнделікті қолданысқа қажет сөмкелер мен қыш құмырадан дайындалған ыдыстар саудаланды. Ұлттық өнерге қызығушылық танытқан жастарға шеберлер заттардың жасалу жолын да түсіндірді. Жалпы Жетісу облысында Наурыз мерекесіне орай 30-дан аса шара өткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі жәрмеңке соның бастамасы.
Сәлима Өтебаева, қолөнер шебері:
- Біздің қоғамда қазақи нақыштан алыс кеткеніміз сезіледі. Сондықтан өзіміздің қазақилығымызды, өзіміздің ұлттық құндылығымызды ұмытпау үшін осындай күнделікті тұрмысқа пайдалы бұйымдар жасап жатырмын.
Аружан Ғалымжанқызы, қала тұрғыны:
- Маған өте қатты ұнады. Көп нәрсе сатып алдық. Көбірек осындай болса күшті болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Талдықорған #наурызнама
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz