Қызылордада жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған Open air шарасы өтті.
Орталық стадиондағы концертке 15 мыңға жуық адам жиналды. Сахнада еліміздің эстрада әншілері өнер көрсетті. Айтулы шара қызылордалықтарға әсерлі көңіл күй сыйлады. Іс-шара барысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері жаңа Конституция жобасының басым бағыттарын түсіндіріп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Наурыз Байқадамов, өңірлік коалиция жетекшісі:
- Біз бүгінгі күнге дейін өңірлік коалиция мүшелері, 350-ден астам мүшесі бар коалиция, 880-нен астам іс-шара ұйымдастырды. Оған 190 мыңнан астам тұрғындар қамтылды. Барлық әлеуметтік топтар, біздің экономикамыздың барлық салалары белсенді қатысу арқылы біз бүгінгі таңда тұрғындардың референдумға қатысуға дайын екендігін және өздерінің көзқарастарын нақты ашық білдіруге дайын екенін байқап тұрмыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #референдум 2026 #конституцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz