Елде «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 11 мыңнан астам сәби өмірге келді.
Осылайша шақалақтың іңгәләған үнін естуге зар болып жүрген мыңдаған отбасының басты тілегі орындалды. Бұл жоба осыдан бірнеше жыл бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған еді. Жүйелі қолдаудың арқасында бағдарлама өз тиімділігін көрсетті. Ал бөлінетін квота саны 7 есеге дейін ұлғайтылып, жылына 7 мыңға жеткізілді. Нәтижесінде 28 мыңнан астам әйел экстракорпоралдық ұрықтандыру рәсімінен өтуге мүмкіндік алды. Оның 12 мыңнан астамы жүктілік бойынша есепке алынып, шамамен 11 мың аса сәби жарық дүниеге есігін ашты.
Тегтер #Аңсаған сәби #бала #24KZ #ЭКОPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz