RU
Толық нұсқаға өту

ЖИ жолдағы қауіпсіздікті қадағалайды

14.03.2026, 21:30 50

Енді жол-көлік оқиғаларының алдын алуға жасанды интеллекті пайдаланылады. Қазір барлық жол камерасы мен интеллектуалды жүйелерді біріктіретін «ТОР» бірыңғай цифрлық платформасы құрылды.

Ол көлік қозғалысын бақылауға, іздеудегі көліктерді анықтауға, агрессивті жүргізу фактілерін тіркеуге және жол-көлік оқиғаларының карталарын жасауға мүмкіндік береді. Ал патрульдік полицияның қызметтік автокөліктері жол жүру ережелерінің бұзылуын қозғалыс кезінде тіркейтін мобильді кешендермен жабдықталған. «Жолдағы қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік. Тек көлік жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де оны қатаң сақтауы тиіс», - дейді сала мамандары. Осы мақсатта «ақылды жаяу жүргінші өткелі» жүйесі енгізіліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz