RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысында дауыс беру басталды. Live

15.03.2026, 07:50 60

Абай облысында да тұрғындар ертемен келіп, өз таңдауларын жасауға кіріскен. Ал өңірдегі дауыс беру учаскелеріне алғаш болып кімдер келді?

Біз қазір Семейдегі №84 референдум учаскесінде тұрмыз. Таңғы сағат 07:00-де учаске өз жұмысын ресми түрде бастады.Таңғы уақытқа қарамастан, алғашқы дауыс берушілер келіп жатыр. Тұрғындар ертемен келіп, өз таңдауларын жасауға кірісті. Комиссия мүшелері де толық құрамда жұмысқа кірісіп, дауыс беру процесін ұйымдастыруда. Жалпы өңір бойынша 465 референдум учаскесі жұмыс істейді. Барлығында дауыс беру кабиналары, арнайы жәшіктер және ақпараттық материалдар дайын. Сонымен қатар 3163 адамнан тұратын комиссия құрамы жасақталып, тиісті оқытудан өткен. Біздің жанымызда №84 референдум учаскесінің төрағасы Жанаргүл Қасымжанова тұр. Жанаргүл ханым, бүгінгі дауыс беру қалай басталды?

Абай облысы бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың саны 400 мыңнан асады. Олардың 2103-і мүгедектігі бар адамдар. Қазір оларға да жағдай жасалған. Денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтындар түскі сағат 12:00-ге дейін өтініш беріп жылжымалы жәшік арқылы үйден дауыс бере алады.Бүгін референдум учаскелері кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында тұрғындар келіп, өз таңдауын жасай алады. Айта кетейік, саяси науқан наурызнама онкүндігімен тұспа-тұс келгендіктен қалада ерекше бағдарлама жоспарланған. Тұрғындарға концерттік бағдарламалар көрсетіліп, бауырсақ, наурыз көже беріледі.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz