RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысында 760 дауыс беру учаскесі жұмысын бастады. Live

15.03.2026, 08:10 78

Өңірде 511 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие.

Біз облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет үйінен сөйлеп тұрмыз. Мұнда екі бірдей дауыс беру учаскесі орналасқан. Соның бірі нөмірі 18-ші референдум учаскесі. Қазір таңмен таласа тұрған тұрғындар  біртіндеп келіп, өз таңдауын жасап жатқанын байқауға болады. Әсіресе жастардың белсенділігі көңіл қуантады. Жалпы 18-ші референдум учаскесіне 2051 адам тіркелген. Оның 46-ы алғаш рет саяси науқанда өз таңдауын жасайды.

Айта кету керек, өңірдегі барлық референдум учаскесінде алғаш рет дауыс беріп немесе бірінші келген жандарға арнайы сыйлықтар да қарастырылған. Жалпы жоғары да айтылғандай облыс бойынша 760 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Олардың бәрі материалдық-техникалық жабдықтармен түгел қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға таңдау жасау бұрышы жасақталып, тактильді жолақтар дайындалған. Есту және көру қабілеті нашар азаматтар үшін Брайль қарпіндегі трафареттер мен арнайы құлаққаптар қойылған. Ал 4,5 мыңға жуық комиссия мүшесінің  89 пайызының референдум өткізу бойынша тәжірибесі бар. Жалпы өңірде  511 мыңнан астам азамат дауыс береді деп жоспарланып отыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz