Астаналық кәсіпкерлер республикалық «Nauryz Sale» акциясына қатысып жатыр.
Бұл бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға, ең бастысы мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған. Сауда орындарындағы жеңілдік тауарлары мерекелік белгімен безендірілген. Әлбетте отандық өнімдер нарықтан 10-20 пайыз арзан сатылып жатыр.
Мақсат Жаңабаев, қалалық әкімдіктің инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары:
- Акцияның мақсаты – халыққа жеңілдетілген бағамен азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын ұсыну. Бүгінгі таңда үлкен-үлкен сауда желілерінің бәрі қатысуда. Олардың бәрі «Nauryz Sale» республикалық акция аясында өздерінің тауарларына 70 пайызға дейін жеңілдік көрсетуге мүмкіндік беріп отыр.
Тегтер #Nauryz Sale #акция #тауар арзан #АстанaPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz