Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов референдумға қатысты. Мәжіліс спикері Қазақстан Теміржолы ғимаратында орналасқан №128 учаскеде дауыс берді.
Ол саяси науқанның ел болашағы үшін маңыздылығын айтып, халықтың белсенділігі аса жоғары екендігін атап өтті.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Көңіл-күйім жақсы. Бүгін барша қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйде деп ойлаймын. Бұл өте маңызды күн, қазақстандықтар жаңа Конституцияға қатысты таңдау жасауға тиіс. 15 наурыз еліміздің тарихында айрықша күн ретінде қалатынына сенімдімін. Өз басым таңдау жасадым. Барша қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне барып, өздерінің азаматтық борышын орындауға шақырамын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ерлан Қошанов #референдум 2026
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz