RU
Толық нұсқаға өту

Оралда мүгедектігі бар азаматтарға такси қызметі ұйымдастырылды

15.03.2026, 11:30 81

Бүгінгі референдумға қатысып, өз таңдауын білдіруге құқылы 446 мың 391 батысқазақстандықтың 2 мың 254-і дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектігі бар жандар.

Бұл санаттағы дауыс берушілерге облыстық референдум комиссиясы тарапынан барынша қолайлы жағдай жасалған. Орал қаласы мен аудандарда такси қызметі ұйымдастырылған, учаскелерде арнайы бұрыштар ашылған. 

Тағдырдың жазуымен мүгедектер арбасына таңылса да, сағы сынбаған, келешекке сенімін жоғалтпаған жанның бірі Гүлмира Батпақұлова. Ол «Арба» бірлестігін құрып,  мүгедек жандарға қолдау көрсетіп жүр. Белсенділігінің арқасында облыстық мәслихат депутаты боп сайланды. Бүгінгі референдумға да елдің ертеңіне қатысты ұстанымымды білдіру үшін келдім, - дейді ол.

Гүлмира Батпақұлова, қоғамдық бірлестік төрағасы:

- Бүгін №34 учаскеде өз дауысымды беруге келіп отырмын. Учаскеде өте ыңғайлы жағдай істеп берген бүкіл мүгедектігі бар адамдарға көзі нашар көретіндерге тактильді плитка бар, бағыттаушы бар. Біздерге қоларбаға, сосын тірек қимыл аппараты бұзылған адамдарға да жағдай бар.

Облыста дауыс беру кезінде ерекше жағдайды қажет ететін 2254 жан бар. Оларға арнап бүгін такси қызметі тегін ұйымдастырылыпты. Облыс бойынша мүгедек жандарды тасымалдауға 78 автокөлік тартылған. Барлық учаскелерде арнайы бұрыштар ұйымдастырылған.

Әсел Ғалиасқарова, №466 референдум комиссиясының төрағасы:

- Бұл бұрышта ноутбукпен жабдықталған. Ноутбуктың ішінде Конституцияның аудио жобасы бар. Аудио мемлекеттік және орыс тілдерінде. Сонымен қатар Брайл шрифті, жарықтандырғыш, лупа, құлаққап деген секілді барлық жабдықтармен толық қамтылған. Келген кісі осы жерде отырып, асықпай танысып, содан кейін өзінің шешімін жасап дауысын беруге жағдай жасалған.

Орал өңірінде 489 дауыс беру учаскесі болса, соның 136-сы облыс орталығында орналасқан. 446 391 азаматтың бүгінгі референдумда қалауын білдіруге құқы бар.

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Б. Жарылғасов, Э. Аюпов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz