RU
Толық нұсқаға өту

Жетісу облысындағы дауыс беру учаскелерінің жұмысы. Live

15.03.2026, 11:40 84

Жетісу облысында 462 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Басым бөлігі ауылдарда орналасқан. 

Біз қазір Қаратал ауданына қарасты Жаңаталап ауылындамыз. Бұл жердегі №147 дауыс беру учаскесі таңғы жетіден бастап ашылған. Шағын елді мекенде байқағанымыз жергілікті халық түске дейін дауыс беріп кетуге тырысады екен. Бір көшенің тұрғындары бірге келіп, отбасы мүшелері түгелдей жиналып өз таңдауын жасап жатқан жайы бар. Мәселен, қазір Тасыбаевтар әулеті азаматтық ұстанымын білдіруде. 30 адам тұратын отбасын, 11 баланы дүниеге әкелген 88 жастағы Еңбек Ері Күлбағира апамыз бастап келді.

Жалпы Жаңаталап ауылындағы учаскеге  700-ден аса адам тіркелген. Осы уақытқа дейін қанша тұрғын келгенін комиссия төрайымынан сұрап білейік.

Жетісу облысында ұжым болып дауыс беріп жатқандар жетерлік. Мысалы, Талдықорғанда спортшылар, мәдениет саласының қызметкерлері, ал Сарқан және Кербұлақ ауданында ұлттық парктің қорықшылары, Үштөбе мен Сарыөзекте теміржолшылар, әскери бөлімдер бір кісідей референдумға атсалысып жатыр. Айта кетейік, өңірде дауыс беруге хақылы 440 мыңға жуық адам бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz